Қызылордада секс-құлдықта болған оқушы қыздың ісі бойынша сот үкімі заңды күшіне енді. Айыпталушылар мен 16 адвокат жаза мерзімімен келіспей, жоғары инстанцияға шағым түсірген болатын. Апелляциялық сотта жеңгетайлықпен және бопсалаумен айналысты деп айыпталған 11 адамның ісі қайта қаралды. Сот алқасы жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарын, сот сараптамасын заңды деп тапты. 16 жастағы қызды азаптап, жезөкшелікке итермеледі деп айыпталғандарға 4 жыл 8 айдан бастап, 7,5 жылға дейін жаза кесілген болатын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.