БҚО-да бес баланың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Батыс Қазақстан облысында 5 баланың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы жергілікті Полиция департаменті хабарлады. Алайда әзірге қандай бап бойынша іс қозғалғаны нақтыланбады. Бүгін оқиға орнына облыс басшылығы барды. Олар зардап шеккен отбасының барлық қаржылық шығынын өз мойнына алатынын мәлімдеді. Ал аудан әкімі отбасына пәтер беруге уәде етті.
Еске салайық, кеше сағат 15:00 шамасында Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында үй өртеніп, салдарынан 5 бала қаза тапқан еді. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар газдан уланған. Оқиға кезінде ата-аналары үйде болмаған.
———————————————