Өскеменде апаттық үй саны 37-ге жетті. Осыдан 20 жыл бұрын сүрілуі тиіс болған баспаналарда әлі күнге дейін бірнеше отбасы тұрып жатыр. 1940 жылы пайдалануға берілген ғимараттарды қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ. Шатырынан су ағып, іргетасы шөгіп, құлаудың аз-ақ алдында тұр. Ал халық жылдап реновация бағдарламасының басталуын күтуде. Жалпы облыс орталығында тұрғын үй қоры әбден тозған. Қазір қалада екі мыңға жуық «Хрущев» үйі бар. Сондықтан биыл жергілікті билік құрылыс компанияларынан 29 пәтер сатып алып, оларды мұқтаж жандарға бермек.
СВЕТЛАНА МАРИНИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Күрделі жөндеу жасадым. Бірақ төбесі опырылып түсті. Ғимарттың қасбеті, іргетасы құлап жатыр.
НАЗГҮЛ ЖАҚЫПБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТҮҚ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Реновация бағдарламасы бойынша жаңа немесе екінші нарықтан баспана сатып алуға мүмкіндік қарастырылған. Одан бөлек, біз инвесторларға жер телімін ұсына аламыз. Ал олар орнына бірнеше пәтер беруі тиіс.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.