Ерлан Қарин: Конституциялық реформа жаңа саяси жағдай қалыптастырды

Осыдан тура үш жыл бұрын елімізде жалпыұлттық референдум өтіп, азаматтарымыздың көпшілігі Конституцияны жаңарту туралы бастаманы қолдады. Соның нәтижесінде Ата Заңымыздың үштен бірі өзгерді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграмдағы парақшасында пікір білдірді. «Конституциялық реформа Қазақстанда мүлде жаңа саяси жағдай қалыптастырумен қатар, бүкіл аймағымыз үшін жаңа үрдіске жол ашты. Еліміздің саяси жүйесін жетілдіру үдерісі әлі де жалғасып жатыр. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілі енгізілгеннен бері олардың құрамы толық жаңарды. Биылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері де тікелей сайланады. Жалпы алғанда, елімізде жыл сайын жүздеген сайлау науқаны өтеді. Бұл үдеріс елдегі қоғамдық-саяси өмірдің күнделікті көрінісіне айналды», — делінген жазбада.
———————————————