Маса мазаны алды: Балқашта дезинфекция шаралары нәтиже бермеді

Маса маза бермей тұр. Балқашта қансорғыш жәндік қаптап, жұрттың берекесі қашқан. Тұрғындар кешқұрым серуендеуден де қалған. Үйде қамалып отырады. Ал дала шыжып тұр. Жұрттың мазасын алған шыбын-шіркей әсіресе жағажайлар мен саябақ аумағында көп. Ал жергілікті билік өкілдері сәуір-мамыр айларында дератизациялық өңдеу жүргізгендерін алға тартады. Бірақ нәтиже жоқ. Енді мамандар зиянкеспен күресудің басқа жолын іздеп жатыр.
АСЫЛМҰРАТ ТҮСІПОВ, ТҚШ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
— Келесі өңдеу жұмыстары маусым айына жоспарланған. Бұнымен қоса, дератизациялық өңдеу жұмыстары өтті. Аталған жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.
———————————————