Алматы жұртының табиғатқа деген қамқорлығы артып, экологиялық санасы жоғарлаған. Алып шаһарда өткен «Саябақтар шеруі» акциясы осы сөзімізге айқын дәлел. Игі шара аясында мегаполиске 8 мыңан астам ағаш тұқымы егілді. 5 мыңға жуық жасыл желек отырғызылып, 10 тонна қоқыс шығарылды. Айта кетейік, «Саябақтар шеруі» бұл жолы «Таза Қазақстан» науқанымен бірлесе іске асырылды. Жалпы, жыл басынан бері экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында 241 іс-шара өткізілді. Одан бөлек, ондаған экологиялық сенбілік, экосаяхаттар мен дәріс сабақтары, көрмелер ұйымдастырылды. Халықтың қоршаған ортаға деген жаңашырлығы экологиялық ахуалды жақсартуға оң ықпал ететінін айтады ұйымдастырушылар.
ЕЛНҰР АХМЕТОВ, ІЛЕ АЛАТАУ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Ағаш отырғызу жұмыстары бар. Орманды көбейту, орманды өрттен сақтау, және де орманды молайту. Қорғау, жан-жануарларды қорғау жан-жануарларға орманның ішінде табиғатымызда жақсы өмір сүруіне байланысты көптеген ауқымды акцияларымыз жүргізіледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.