Ертең – қасиетті Құрбан айт басталады. Мерекенің бірінші күні жұмаға түсіп тұрғандықтан, бес күндік жұмыста істейтіндер айттың үш күнінде қатар демалады. Ал алты күндік жұмыстағылар 6 маусымда демалып, 7 маусымда жұмыс істейді. 8 маусым – жексенбінің демалысы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл онлайн құрбан шалуға арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты. Яғни кез келген адам қалаған құрбандық малын онлайн таңдап, ақшасын QR арқылы төлей алады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.