Н. Ғайыпбаевтың өлімі мен үйдің өртенуі жеке қаралады | 05.06.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ШЕРЗАТ ІСІ: СОТ ҮКІМІ
Бір жарым айға созылған атышулы сот отырысына нүкте қойылды. Бүгін Шерзат Полат өліміне қатысы бар күдіктілерге үкім кесілді. Сонымен кім, қанша жыл арқалады?

ГАЗ ЖАРЫЛЫСЫ
Ақтөбедегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды. Жойқын дүмпуден үйде отырған адам сыртқа ұшып кеткен. Оны құтқару мүмкін болмады.

БАЛАНЫ КІМ БАҒАДЫ?
Қызылордадағы 42 жеке меншік балабақша жабылуы мүмкін. Жергілікті билік оларды қаржыландыруды тоқтатпақ. Мұны естіген ата-ана баласын кімге бақтырарын білмей дал.

БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешімін өзгертті. Бұл несие, ипотека және депозит нарығына қалай әсер етеді?

ОТАНДЫҚ БАНАН
Шымкенттік бағбандар жұртты арзан бананмен тамсандырып жатыр. Шаруаларға оны өсіру таңсық емес. Экзотикалық өнімді жыл он екі ай жинай бастады.
———————————————