Түркістан облысында 16 жасар жасөспірімді өлтірген ер адам ұсталды. Отбасылық дүкендерін жауып, үйге бет алған қызды ер адам аңдып ұстап алған. Алдымен зорлап, кейін өлтірген. «Қыздың денесінде көптеген зорлық белгілері болған», — дейді көршілері. Сөздерінше, марқұмның денесін ауылдың ішіне тастап, қашып кеткен. Дегенмен полиция күдіктіні қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады. Жағдайды растаған Төрткүл ауылының әкімі аймақта байланыс жоқ деген ақпаратты жоққа шығарды.
НҰРЛАН САПАРОВ, ТӨРТКҮЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Оқиға орын алғаны рас. Бірақ ауыл тыныш ешқандай дүрлігу, қарбалас болып жатқан жоқ. Байланыс бар, істеп тұр. Жалпы ауыл тыныш.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.