«Қызым аяғын сұрап жылайды…» осылай деп егілген ана күні-түні қос аяғынан айрылған қызының қасында. 8 жасар Алуаның аяғына тағы да жеңіл ота жасалған екен. «Бүгін таза ауа жұту үшін аулаға екінші рет шығып тұр», — дейді туыстары. Мүгедек болып қалған қаршадай қыздың отбасына қолдау ретінде Астана әкімдігі 4 бөлмелі пәтер сыйлады. Көпбалалы отбасы Алуа ауруханадан шыққан соң, елордадағы жаңа пәтеріне көшеді.
МАХАББАТ ТӨЛЕУБЕКОВА, ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ:
— Астанадан төрт бөлмелі үй берді. Алуаның жағдайы қазір тұрақты. агрессиясы бар, бала шошыған. Психологтар баламен жұмыстанып жатыр. Өз аяғымен жүргісі келеді. Аяғын сұрап жатыр.
Аяғын сұрап, еңіреп жылап жатқан кішкентай қызға бұдан басқа да қолдау және оңалту шаралары уәде етілген. Қазір астаналық еріктілер қаражат жинауды бастады. Журналистер сұрағына жауап берген Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек: «Жол апатына түскен автобус жаңа, жүргізуші тәжірибелі адам болған. Енді жол апатының себеп салдарын тергеу анықтасын. Біз қолдан келген көмекті жасап жатырмыз», — дейді.
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Ол кісіге өзіне, қызына менің әріптестерім, соның ішінде менің орынбасарым бірнеше рет барды. Кеше балалық амбудсмен барды. Бүгін де түске таман менің орынбасарым сол кісілермен бірге барады. Көмек жағына келсек, сақтандыру 20 миллион тг маңайында және әкімшілік қазір 10 миллион теңге берді. Қосымша 10 миллион береміз деп жоспарлап отырмыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.