Ақтөбеде екі қарияның өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында жан түршігерлік деректер айтылды. 38 жастағы Сәрсенбек Басанұлы кінәсін ішінара мойындап, марқұм Байғали Әлиевті балтамен өлтірмегенін айтты. Алайда куәгер әрі жапа шегуші Мира Қазтуғанова керісінше мәлімет берді. Айтуынша, Басанұлы оны байлап, аузын скотчпен жауып, пышақпен қорқытып ұстап отырған. Сол сәтте асүйге әйелін іздеген Байғали Әлиев кіріп келеді. Күдікті оған пышақпен, кейін балтамен шабуыл жасап, жертөлеге лақтырған. «Кейін тағы да балтамен ұрды», — деді куәгер. Оқиғадан кейін үйге марқұмдардың қызы мен қарындасы, тұтқындағы әйелдің ұлы келген. Полицияны зейнеткердің қызы Анар шақырған. Айта кетейік, осы іс бойынша Сәрсенбек Басанұлы 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойы түрмеге қамалуы мүмкін.
МИРА ҚАЗТУҒАНОВА, ЖӘБІР КӨРУШІ:
— Ол кенеттен өзгеріп кетті, тура бір ішіне жын кіргендей. Бұған дейін үндемей отырған, кенет сол жынның дауысымен сөйлей бастады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.