Павлодарда қыз ұзату тойына барған қонақтар жаппай тамақтан уланды. Банкеттен кейін бірнеше адамның дене қызуы көтеріліп, іші ауырып жедел -жәрдем қызметін шақыртқан. Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазір науқастар ем қабылдап жатыр. Медициналық көмекке жүгінгендердің қатарында жүкті әйел мен сәби де бар. Салат пен тіскебасар жегендер зардап шеккен. Мейрамханада эпидемиологтар тексеріс жүргізіп, бірқатар олқылықты анықтады. Мәселен мұнда санитарлық нормалармен өнімдер дұрыс сақталмаған. Сондай-ақ жеті қызметкердің медициналық тексерістен өтпегені белгілі болды. Олар жұмыстан шеттетілді. Уланғандардың 40-тан асады. Айта кету қажет, арнайы тексерістен кейін барлық материал қылмыстық іс қозғау үшін полицияға жолданады.
АЗИЗА ИСАБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Менің ұзатуыма 150 шақты адам келді. Маған барлығы жазып жатыр. Ауырып жатыр, құсу, диарея. Температура 40. Енді мен не істеймін? Мен қайда барамын, кімге айтамын? Маған көмек керек. Ол жерде бүкіл адам жатқан соң, менің жүрегім ауырып тұр.
ГҮЛНӘР АҚЫЛБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ СЭБД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Алдын ала болжам бойынша мейрамханада санитарлық талап сақталмаған. Яғни ондағылардың жұмыс істеуге рұқсат құжаты да болмай шықты. Осыған байланысты ресторанның қызметін тоқтату туралы қаулы шығарылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.