Қызылордада күні кеше балықшы суға кетті. Арал ауданының тұрғыны көлге балық аулауға кетіп, қайта оралмаған. Құтқарушы-сүңгуірлер марқұмның денесін бүгін тапты. Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша, су айдындарында 8 адам қайтыс болған. Оның төртеуі – кәмелетке толмаған бала. Күн ысығалы Қызылорда қаласының Титов, Ақмешіт және Ескі базар маңынан өтетін дария жағалауында адам саны күрт көбейген. Олардың басым бөлігі – мектеп жасындағы балалар. Облыс аумағында шомылуға лайықталған 4-ақ орын бар. Сондықтан тұрғындар- Сырдария мен қосымша арналардың кез-келген тұсына түсе береді. Жуырда 9 жастағы бала ойнап жүріп, айналасы қоршалмаған, түбі зерттелмеген каналдағы суға батып кеткен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем- жеткіншектің өмірін сақтап қала алмады. Марқұмның анасы жол жөндеу жұмыстарын жүргізген мекеме- су арнасын қоршамай, тіпті белгі қоймағанын айтады.
АЙГҮЛ ҚАРЖАУБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:
— Ол бала қоршалған жерден асып өтіп бармайды. Мал түсіп кетсе де бұндай жерді қоршап, жабады. Менің балам 5 күні түсті әлі иә қоршау, таяқ, бір пакет болса да белгі қойған жоқ. Жауапты мекеме келсін. Неше күннен бері бір келген жоқ. Сақтансаң сақтайды. Тағдырдың жазуы мақұл көндім, баламды алды. Бірақ қоршалсын, жауапты мекеме неге уақытылы қоршамады. Сол үшін жауап берсін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.