Астана су қоймасы 55 жылда алғаш рет тазартылып жатыр

Елорда тұрғындары суын ішіп отырған Астана су қоймасы алғаш рет тазартылып жатыр. Қолданысқа берілгеніне жарты ғасыр толған нысанның түбінен 50 мың тонна лай шөгінді шығарылмақ. Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, осының арқасында су қойманың сыйымдылығы 47 миллион текше метрге ұлғаяды. Сөйтіп, оған көбірек су жиналып, халықты сумен қамтуды жақсартуға мүмкіндік туады. Нысанды тазарту жұмысы қазан айының соңында аяқталады. Келесі жылы қайта жанданып, қатарынан 13 жыл бойы жүргізіледі.
СЕРІК САЛТЕНОВ, «ҚАЗСУШАР» БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Су ресурстары және ирригация министрлігі арқасында екі земснаряд жұмысқа қосып жатырмыз. Міне, қазір осы тұрған земснаряд ол дизелді, сағатына 2000 текше метр құм, лай тазалайды. Енді 55 жылда көп жиналған ғой. Бұл алғаш рет. Екіншісі анау, кішкентай, самоходный, сағатына 900 текше метр…
———————————————