ШҚО-дағы жол сапасы депутаттарды алаңдатып отыр

Шығыс Қазақстан облысында жол сын көтермейді. Өскеменнен Шемонаиха және Риддерге дейінгі аралықтағы жолдың сапасы- жүргізушілерден бөлек, депутаттарды да алаңдатып отыр. Былтыр тасжолдың 30 шақырымы жөнделген. Қауіпті аймақта әлі 70 шақырым қалды. «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері оны жыл соңына дейін қалпына келтіреміз деп сендірді.
Жалпы биыл өңірде 357 шақырым жол жаңартылады. Ол үшін 30 миллиард теңге қаржы бағытталған. Айта кету керек, аймақта мұндай жоба соңғы 30 жылда жүзеге аспаған.
ШӘКӘРІМ БҰҚТЫҒҰЛОВ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:
— Орташа жөндеуден кейін учаскеге 5-6 жыл кепілдік беріледі. «Қазақмыс- Риддер» бағытында жолмен қатынайтын әрбір үшінші көліктің салмағы 40 тоннадан асады. Яғни 5 жылдан соң, біз несие қаражатын қайтара бастаймыз. Ал бұлай жалғаса берсе, жолдан ештеңе қалмайды.

НҰРБЕК ТЕМІРХАНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ ШҚОФ ДИРЕКТОРЫ:
— Биыл 357 шақырым республикалық маңызы бар ол жөнделеді. Барлық учаске бойынша мердігерлер анықталды. Қажет қаржы бөлінді. Бүгінде Шемонаиха, Риддер және Алтай жағында жұмыстар басталды.
———————————————