Субұрқаққа шомылу аса қауіпті

Субұрқаққа шомылу аса қауіпті. Санитарлық-эпидемиологиялық дәрігерлер осылай деп дабыл қақты. Мамандар судың құрамында көптеген микробтың бар екенін ескертеді. Ал оны қанша тазартқанымен, сапасы өзгермейді. Сондықтан мұның арты жақсылыққа апармауы мүмкін. Оның үстіне балалар электр тоғынан жарақат алып жатады. Мұндай жағдай бірнеше мәрте тіркелді. Бұл ретте жауаптылар тек рұқсат етілген арнайы орында ғана шомылу керектігін айтты.
ӘСЕЛ БИТАЕВА, СЭБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Субұрқақтарға шомылу аса қауіпті. Адам ішек инфекциясын, паразиттік ауру жұқтырып алуы мүмкін. Оның үстіне қаңғыбас ит- мысықтар, түрлі құстар жүреді. Олар осындай түрлі індетті тасымалдайды. Сондықтан аса сақ болған жөн.
———————————————