Астанада Халықаралық француз мектебі бой көтереді

Астанада Freedom Holding Corp компаниясының қаржылық қолдауымен Халықаралық француз мектебі бой көтереді. Бүгін болашақ мектептің құрылыс алаңында ғимарат кіреберісіне орнатылатын салмалы тақтайша қойылды. 3 гектар жерге мектеп пен бірге балабақша да салынады екен. 800 орындық жаңа француз мектебі жанында 400 оқушыға шақталған пансионат та болады. Онда еліміздің түкпір түкпірінен келген балалар тұрып, білім алады. «Француз аттестатымен мектеп бітірігеннен кейін түлектер Франция мен Еуропаның ең үздік жоғары оқу орындарына түсе алады», — деді салтанатты рәсімге қатысқан Сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат Лоран Сен-Мартен мырза. Болашақ мектеп алғашқы оқушыларын 2026 жылғы 1 қыркүйекте қабылдайды.
ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM HOLDING CORP БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастыққа даңғыл жол. Француз мектебі сапалы еуропалық білімге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Ғимараттың барлық құжаты әзір. Астананың көрікті жерінде орналасады. Осындай мемлекетаралық ауқымды жобаның бір бөлігі болу – біз үшін мақтаныш!
———————————————