Әлем әншісі Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билет сатылымында анау айтқандай дүрбелең болған жоқ. Билет саудасы басталғаннан кейін жарты сағат ішінде 12 мыңнан астам адам онлайн кезекке тұрған. Алайда түстен кейін кезек тез тарады. Алдымен, алыс секторлардағы арзан билеттер сатылып кеткен. Билеттің ең қымбаты VIP-аймақта –180 мың теңге, арзаны – 40 мыңнан 80 мың теңгеге дейін. Бір адамға 10 билеттен артық сатылмайды. Бұл – Дженнифер Лопестің біздің елдегі екінші концерті. Ол 1 тамызда Астана Аренада өнер көрсетеді. Алматыдағы шоу 10 тамызда Орталық стадионда өтеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.