Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖАРЫЛЫС ҚҰРБАНЫ
Алматы облысындағы ұн зауытындағы жарылыстан қаза тапқан адам бесеуге жетті. Кәсіпорын басшылығы отбасыларына қаржылай, психологиялық қолдау көрсетуге уәде берді
ӨГЕЙДІҢ ЗОРЛЫҒЫ
Қарағандыда патронат ата-аналар сот алдында жауап беріп жатыр. Олар тәрбиелеймін деп асырап алған жетім балаларды ұрып-соққан. Жұмысқа жеккен.
ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – ҚЫЛМЫС
«20 млн теңге немесе түрме!» — депутаттар қыз алып қашудың жазасын қатайтып, бұл қылмысты адам ұрлаумен теңестірді. Енді дәстүр деген желеумен заң бұзғандарға жеңілдік болмайды.
ҚОРҒАН ТОНАЛДЫ
Қорғанның орнына құм қалды. Жетісуда сақ дәуірінен қалған қорғандар қазылып, құнды жәдігерлер тоналып жатыр. Қаскөйлер арнайы техникамен обаны қопарып, адам сүйегін шашып кеткен.
ДЖЕЙ ЛО АЛМАТЫДА
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билет сатылып жатыр. Оның құны 200 мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ бұл жолы Астанадағыдай талас-тартыс болған жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.