Еуразия, Орта Азия, Таяу Шығыс пен Африка елінен келген 1,5 мың шетелдік делегат қатысып жатқан Астана халықаралық форумында жаһандық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі энергетика, экономика сыртқы саясат мәселелері жан-жақты талқыланып жатыр. Форумға шетел үкіметтерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, трансұлттық корпорациялар, бизнес және академиялық орта көшбасшылары қатысуда. Астана халықаралық форумында әлемді алаңдатқан бірқатар маңызды мәселе де қаралуда. Соның бірі — экономика мен қаржы және халықаралық қатынастар. Шетелдік бизнес өкілдері мен диалог алаңында кәсіпкер, Freedom Holding Corp. компаниясының атқарушы директоры Тимур Турлов та өз ойын ортаға салып, пікір алмасты.
ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM HOLDING CORP БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
-Қазір сауда соғысы туралы пікірталас жүріп жатыр. Cенім көптеген елде, соның ішінде дамыған елде маңызды құндылықтың бірі. Ал Орталық Азияда, Қазақстанда, технологияны енгізу жолға қойылған. Оның ішінде Батыс елінде жасалған технологияны да біз олардан тезірек енгізе аламыз. Бірақ Батыс елдерінің әл-ауқатының негізі – жоғары сенім мен тұрақты қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруында.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.