Ақтөбеде екі баласын өлтірген анаға қатысты сот басталды

Ақтөбеде өзінің екі баласын өлтірген анаға қатысты сот басталды. Алайда отырысқа айыпталушы қатысқан жоқ. 29 жастағы әйел Алматы облысындағы Талғар психиатриялық ауруханасында ем алып жатыр. «Кісі өлтірді» деген күдіктінің адвокаты ол емдеу мекемесіне «параноидты шизофренияның басқа түрі» диагнозымен мәжбүрлеп ем алуға жіберілгенін айтты. Мемлекеттік айыптаушының мәліметіне сүйенсек, әйел ұйықтап жатқан 3 жастағы ұлы мен 11 айлық қызын жастықпен және қолымен тұншықтырып өлтірген. Егер әйелдің ақыл-есі дұрыс екені дәлелденсе, ол- өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ЖЕҢІСБЕК ӘБІЛХАН – БАЛАЛАРДЫҢ ӘКЕСІ:
— Екінші баланы кесарь тілігімен босанғаннан кейін, жүре алмады. Варикоз болып кішкене ауырсынды. Оны мен білемін. Маған опасыздық жасады деп ойлаймын. Екі баланың әруағы үшін мен ол жаққа жібергеннен, емделіп, қоғамға қосылғанын қалаймын.

ЕЛДАР ӘБИЕВ, ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
— Өзінің балаларына ешқандай мейірімсіз жатын бөлмеде жерде жатқан Заңғар Бақтыгерейді, одан кейін жанында ұйықтап жатқан Ырысжан Бақтыгерейді жастықпен тұншықтырып, қасақана қазаға ұшыратқан. Өзінің қасақана іс-әрекетімен екі немесе одан да көп адамды, жас балаларды қасақана қазаға ұшырату арқылы, яғни ҚР ҚК 99-бабының 3-бөілігінде көрсетілген қылмысты жасаған.
———————————————