Түркістан облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушы қызға азғындық жасады деген күдікке ілініп, қылмыстық іс қозғалды. Қазығұрт ауданындағы 38 жастағы ер адам 14 жастағы оқушыны түнде серуендеуге шақырған. Анасы 8-сынып оқушысын көлігіне отырғызып, айдалада арам ойын іске асырмақ болған деп отыр. Бірақ жасөспірім қашып үлгерген. Осыдан кейін оқушы қыз соңғы тоқсанды үйден оқуға мәжбүр болыпты. Жәбірленушінің ата-анасы, полицияға шағым түсірген соң, 5 баласы бар мұғалім қамалып, тергеу басталды.
ГҮЛЖАУҺАН МЕДЕТБЕКОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:
-Өзім барып ол жерді көрдім. Өлтіруге апарған сияқты. Экспертиза бәрі жүріп өтті. Біздің екі-үш апай жұмыстан босайын деп тұр. «Сен мамаң мен папаңа әр нәрсені айта берме. Бәрібір ертең оқитын мектебің ғой», — деп әрдеңені айтқан. Менің түсінігімше, ол қорқытқанға жатады. Қазір өздерін-өздері қорғап, ағайларын қорғап, директорын қорғаса, оқушылар қайда қалды! Ең кішкентай қызым. Шыбынға шақтырмай, асырап келіп жатырмын. Сонда кімі бар дегендей тірлік істегеніне қапа боламын.
ДОСБОЛ ЖАМАЛОВ, БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
— Қызға педагогикалық, психологиялық көмек қажет. Сол бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазір жұрттың бәрі біліп отыр. Мектептегі құрбы-құрдастары да біліп отыр. Сондықтан өзін жұрттан алшақтау ұстайды, ортаға қосылмайды. Қыркүйектен бастап қалыпты жағдайда оқуға тартамыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.