Талдықорғандағы Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бүгін жәбірленуші тарап моральдық шығын талап етті. 6 сотталушыға жалпы сомасы 663 млн теңгеге жуық азаматтық талап арыз берді. Судья өтінішті қабылдап, сотталушыларды жауапкер деп таныды. Ендігі сот отырысы екінші маусымға белгіленген. Ол процесте жарыссөз болады деп күтілуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.