Тұрғын үй кезегін әкімдік реттемейді

Қызылордада 25 мың тұрғын баспана кезегінде тұр. Жылдар бойы үйлі боламын деген үмітте жүргендер алаяқтардың арбауына түсіп қала береді. Соңғы 3 жылда қулығына құрық бойламайтын айлакерлер 150-дей сырбойылықтың 200 миллиондай теңгесін алдап алған. Тұрғындар әккі-қулардың: «Әкімдікте танысым бар, баспана кезегін жылжытып, су жаңа пәтер кілтін қолыңа ұстатамын», — деген құрғақ уәдесіне иланып, сан соғып қала береді. Өткен жылы алаяққа қатысты 17 іс қозғалса, биыл да 10-нан астам дерек тіркелді. Осы ретте құқық қорғау органдары тұрғындарға үй кезегі ашық екенін ескертеді. Сондай-ақ реттілікті жүйелеуге- жергілікті билік ықпал ете алмайтынын хабарлайды.
АЙДОС ЖҮНІСОВ, СЖҚКД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
— Тұрғын үй саласын қаржыландыру жыл сайын өсуде. Облыс тұрғындарына үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жалған ақпарат көздеріне жүгінбей, ресми ақпаратқа жүгінуді ұсынамыз. Егер де олар алаяқтық дерек бойынша немесе азаматтардың олардың қаржысын жымқыруға көзделген іс-әрекеттері анықталған болса біздің сенім телефоны бар 1424. Сол телефонға хабарласуды ұсынамыз.
———————————————