Елімізде криптовалюта төлем құралы ретінде қолданылады | 29.05.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АНАҒА ҮКІМ
Ақтөбеде «екі баласын өлтірді» деп айыпталған анаға қатысты сот отырысы өтті. Қоғамды дүр сілкіндіріп, көптің жағасын ұстатқан оқиға бойынша үкім оқылады.

ҚАУІПТІ МҰҒАЛІМ
«Қой терісін жамылған» ұстаз. Шымкенттегі Қазығұрт ауданында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «оқушы қызды зорлады» деген күдікпен қамауға алынды.

ӘЛЕМ АСТАНАҒА КӨЗ ТІКТІ
Астана жаһандық идея алаңына айналды. Халықаралық форумда 160-тан аса спикер климат, қауіпсіздік және экономиканың келешегі жайлы 2 күн бойы ой толғайды.

ТАСҚЫННАН КЕЙІНГІ ТІРШІЛІК
Тасқын тас-талқан етіп, жайпап кеткен табиғатты қалпына келтіру басталды. Солтүстік Қазақстан облысында 72 саябақ салынады. Ол үшін жоба жасалып, қаржы бөлінді.

ШАХМАТШЫҒА ШӘКІРТАҚЫ
Шахматшылардың жұлдызды кеші. KazChess Awards-те «Жылдың үздік шахматшысы» анықталды. Енді ақыл сайысында алдына жан салмағандарға арнайы стипендия беріледі.
———————————————