БҚО-да ер адам бензин арасымен шабуыл жасаған

Батыс Қазақстан облысында бензин арасымен адамға шабуыл жасаған азамат жұрттың жағасын ұстатты. Ақсай қаласының тұрғыны түн ортасында, жанармай бекетінде дүрбелең туғызған. Бетперде киіп, қолына ара ұстаған белгісіз біреу көшеде кетіп бара жатқандарды қорқытып, олардың соңынан қуған. Полиция ол азаматты дереу ұстап, қамауға алды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір күдіктіні облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі қаралып жатыр.
———————————————