Қостанайлықтарды турфирма алдап соққан

Демалыс орнына сот залы. Қостанайлық 70 турист чемодан емес, шағым тасып жүр. Демалысын Египет, Түркия, Таиланд, Вьетнам және Қытайда өткізуді жоспарлаған тұрғындар туристік фирмаға құжатын да, қаржысын да түгел берген. Алайда олар сан соғып қалды. Теңіз суына түсіп, жағажайда қыздырынамыз деген саяхатшылар алданғандарын әуежайда бір-ақ білген.Енді ақшаларын даулап отыр. Жалпы шығын 40-тан 55 миллион теңгеге дейін өсті.Көпшілігі несие алған көрінеді. Сотта куәгерлерді тыңдау жалғасып жатыр.
ДМИТРИЙ ПИВОВАРОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Сот отырысы басталған кезде жәбірленушілер көбейді. Күдікті тергеуде жүрсе де тағы 1 отбасыны алдап, ақшасын алып үлгерген.Тұрғынға сот залында жәбірленуші статусы берілді. Біз моральдық және материалдық шығынның өтелуін сұраймыз.
———————————————