Жамбыл облысының шенеуніктері туған-туыстарына заңсыз жер таратқан. Нақтырақ айтқанда, былтыр желтоқсан айында Полатқосшы ауылдық округінің әкімі енесіне бағбандықпен айналысу үшін 1 жылға жер телімін берген. Алайда бірнеше айдан кейін, учаскені коммерциялық мақсаттағы санатқа ауыстырған. Осыған ұқсас жағдай Қаратөбе ауылында да анықталды. Әкім өзінің әпкесімен қайын атасына бірнеше учаскені рәсімдеген. Осылайша лауазымды тұлғалар туыстық байланыстарын жасырмақ болыпты. Алайда олардың арам ойы жүзеге аспады. Әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралды. Оларға жалпы сомасы 550 мың теңге айыппұл салынды.
ӘСЕЛ ҮМБЕТҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:
— 680 баппен іс қаралып, хаттама бойынша лауазымды тұлғалардың кінәсі дәлелденіп, олар сот отырысында кінәлерін толық мойындап 275 мың теңгеден айыппұл салынды. Қазіргі таңда аталған қаулылар заңды күшіне енді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.