«Екатеринбург – Алматы» тасжолында ірі жол апаты болды. Қарағандыға бет алған Chery Tiggo мен Nissan Patrol көліктері соқтығысып, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер Chery Tiggo жүргізушісінің өмірін сақтап қала алмады. Көліктер соққыдан толықтай мыжылып қалған. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПД АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Түрлі дене жарақатын алған Nissan Patrol автокөлігінің жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы қазір ауруханада жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Түрлі сараптама қорытындысынан кейін процессуалдық шешім шығарылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.