Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, мәртебелі мейманға құрмет көрсетілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Джорджа Мелонимен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
«Сіздің бұл сапарыңыз – екіжақты ынтымақтастығымыздағы айтулы оқиға. Біз өзара байланысқа, достық пен сенімге құрылған қарым-қатынасқа айрықша мән береміз. Италия Қазақстанның әлемдегі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді және Еуропадағы ірі әріптесіміз», — деді Мемлекет басшысы.
Елдер арасындағы тауар айналымы 24 пайызға артып, өткен жылы 20 миллиард долларға жеткен.Сондай-ақ Қазақстанда ірі инвесторлар бастаған 270-ке жуық италиялық компания табысты жұмыс істеп жатыр екен. Джорджа Мелони екі ел арасындағы ықпалдастықты жоғары бағалап, оның стратегиялық серіктестік рухына сай келетінін айтты.
———————————————