Елдегі негізгі көлік бағытының бірі — Қарағанды мен Жезқазған арасындағы тасжолдың жайы сын көтермейді. Жүздеген шақырымы ойық-ойық. Асфальт атымен жоқ, кей тұсы тіпті жүруге қауіпті. Күн сайын осы бағытпен жүздеген көлік қатынайды, бірақ жөндеу қашан басталатыны әлі белгісіз. Ал такси жүргізушілері жолдың нашарлығынан көлік жиі бұзылады. Сол себепті жолақысын көтеруге мәжбүрміз деп отыр. Бұл халықтың қалтасына салмақ. Трасса соңғы рет 10 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Ал өңірдегі жолдарды күтіп-ұстауға бюджеттен 800 миллион теңге бөлініпті. Алайда ұзындығы 500 шақырымнан асатын бағытта айтарлықтай өзгеріс байқалмайды.
БЕКАЙДАР ЕМБЕРГЕНОВ, ЖҮРГІЗУШІ;
— Қарағанды-Жезқазған трассасы өте нашар жағдайда, быт-шыт жол. Жүру мүмкін емес. Машинамыз сынады, оны жөндетеміз. Машина жөндету де, оның заты да, сайманы да қымбат. Қымбат екеніне таңғалмайтын болдық қой, бірақ әйтеуір соған байланысты жолды жөндеп берсе екен дейміз.
ЕРТАЙ ТАЙЖАНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Жезқазған мен Қарағандының екі ортасына қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі деген жоспар бар, екінші санаттағы жол салынады деген. Конкурс документтері келесі айдың аяғына қарай аяқталады. Одан кейін 2-3 айдың ішінде мердігер анықталады. Содан кейін келесі жылы ма, әйтеуір қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.