Шығыс Қазақстан облысында соңғы бір айда жол жүру ережесін бұзудың 17 мыңнан астам дерегі тіркелді. 170-тен аса мас жүргізуші ұсталды. Мәселеге қоғам назарын аудару үшін полицейлер жол апатына ұшыраған көліктер колоннасын қала көшелерімен алып өтті. Осылайша тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолдағы жарақаттану мәселесіне баса назар аударуда. Айта кетейік, жыл басынан бері 600-ден астам шығысқазақстандық түрлі деңгейде жарақат алса, 14 адам көз жұмған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.