Әскерге барғандар ЖОО-да тегін оқи алады

Енді әскерге барып қайтқандар жоғары оқу орнына жеңілдікпен түседі. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-патриоттық тәрбие мен әскери қызмет бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.Заңда Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтар жоғары оқу орнында тегін оқи алатыны айтылған. Оларға биылдан бастап 3 мыңға жуық грант бөлінеді. Бір қызығы, Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде жинаған балл есепке алынбайды. Сонымен бірге сарбаздың несиесін төлеуге де жеңілдік қарастырылған. Олар өзі қалаған мамандықта тегін білім ала алады. Еліміздегі 70-тен астам жоғары оқу орнының бірін таңдауға құқылы. Биыл талапкерлерге бөлінген грант саны 3000-ға жуықтайды. Сондай-ақ Заң бойынша әскери қызметті қайта-қайта шегеруге тыйым салынады. Атап айтқанда, бакалавриат, магистратура мен докторантура үшін бір қана әскери міндетті шегеруге болады.
———————————————