Қарағандыда балалар мен жасөспірімдерге арналған заманауи футбол академиясы бой көтермек. Құрылыс Freedom Holding Corp компаниясының қаржысына салынады. Тимур Турлов 2028 жылы пайдалануға берілетін нысанның жоспарын облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа таныстырды. Академия құрамында жабық манеж, бірнеше футбол алаңы, халықаралық стандартқа сай стадион, интернат пен медициналық бөлімдер салу қарастырылған. Орналасу аумағы 9,6 гектар болса, құрылыс аумағы 28 мың шаршы метрден асады. Құны – 11-12 млрд теңге.
ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM QJ LEAGUE ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Бұл академияны әкімдікпен бірлесіп тиімді басқару көзделіп отыр. Мақсатымыз – нысан салу емес, оны дұрыс дамытып, Қарағандыдағы мыңға жуық баланың футболмен кәсіби түрде айналысуына мүмкіндік беру.
СЕРІК СӘПИЕВ, ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ:
— Өте керемет, маңызды бастама. Себебі футболды біздің облыс жақсы көреді. Бізде кәсіпқой лига бар, әуесқой лига өте үлкен, сол үшін бізге бұл академия өте керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.