1 маусымнан бастап тегін үйірме мен секцияға ваучер енгізіледі

Қазақстанның 6 қаласында 1 маусымнан бастап тегін үйірме мен секцияға бірыңғай ваучер енгізіледі. Жаңа жоба пилоттық режимде іске асады. Ваучер ұйымға емес, балаға бекітіледі. Бұл балаға кезекке тұрмай-ақ үйірме немесе секцияны еркін ауыстыруға мүмкіндік береді. Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында барлық үйірмелер мен секциялар бірыңғай цифрлық платформада біріктіріледі.

Сонымен қатар шілде айынан бастап елімізде кәсіби қабылдаушы отбасылар пайда болады. Мұндай отбасыға төрт санаттағы жетім, қараусыз қалған және қаңғыбас балалар орналастырылады. Кандидаттарды тағайындау туралы соңғы шешімді қорғаншылық органдары қабылдайды.
———————————————