Өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары төленеді. «Меценат» әдеби байқауының жеңімпазы осындай сыйақыға ие болды. Әдеби додаға бас- аяғы 21 роман ұсынылды. Соның тек алтауы кәсіби іріктеуден өтіп, ақтық сынға жолдама алды. Жеңімпазды оқырман онлайн дауыс беру арқылы таңдады. 600-ден астам ұпаймен ақтөбелік қаламгер Әлихан Жақсылықтың романы үздік деп танылды. Кітапсүйер қауымның көп дауысын жинаған шығарма «Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды» деп аталады. Қаламгерлер арасындағы байқау Freedom Holding Corp. компаниясының демеушілігімен осымен 4 жыл ұйымдастырылып келеді. «Негізгі мақсаты – қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жазушылардың шығармаларын халықаралық кітап нарығына ұсыну», дейді жобаның меценаты — кәсіпкер әрі филантроп Тимур Турлов.
ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM HOLDING CORP. КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— 4 жыл ішінде қазақ әдебиетіндегі салмақты, мағыналы шығарма көбейді. Бұл байқау рухани мәдени-құндылықты дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын. «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы Қазақстанда алғашқы болып өмір бойы ай сайынғы сақтандыру полисін жеңімпазға сыйлайды. Оның көлемі 500 АҚШ долларына тең.
ӘЛИХАН ЖАҚСЫЛЫҚ- ЖАЗУШЫ
— Байқауға жіберілгеннен кейін уайым болды. Мықты роман болса да халықтық, бұқаралық сипатта оқылып кетпесе, бәрібір сіз жеңіске жете алмайсыз, сол үшін бұл роман оқылым жағымен тартымды, ерекше болды деп ойлаймын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.