БҚО-да ер адам бензин арасымен шабуыл жасаған | 30.05.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АРА СІЛТЕГЕН БАТЫР
Батыс Қазақстан облысында бензин арасын оңды-солды сілтеген ақсайлық «қаһарманның» көздегені не? Күдікті қамауға алынды. Енді оны мәжбүрлі түрде емдеу мәселесі қаралып жатыр.

ТУРФИРМА АЛДАДЫ
Демалыс орнына сот залы. Қостанайлық 60 турист чемодан емес, шағым тасып жүр. Қостанайлықтар турфирмадан ақшаларын даулап отыр.

КАРТОП КҮНІ
Шелек-шелек картоп жинайтын уақыт болса да, баға түспей тұр. Келісі 350-450 теңгеге сатылып жатыр. Бұл мәселе БҰҰ-ның назарын да аудартып отыр. Бүгін халықаралық картоп күні.

ЖҮРГІЗУШІ НАЗАРЫНА!
Өскеменде тәртіп сақшылары жол апатына ұшыраған көліктерді эвакуаторға тиеп, көше аралады. Осылайша, жол ережесін сақтамаудың салдары қандай болатынын көрсетіп, жұрттың назарын аударуға тырысты.

ӨМІР БОЙҒЫ СЫЙАҚЫ
Астанада әдеби Mecenat.kz жобасының төртінші маусымы қорытындыланды. Енді ең үздік роман авторы ай сайын 500 АҚШ долларын алып отырады. Сыйақы өмір бойы беріледі.
———————————————