Жантүршігерлік жағдай. Қарағандыда екі жасар баланы пойыз қағып кетті. Бүлдіршін ауыр жарақаттан жансақтау бөлімінде. Оқиға 1 маусымда Қарағанды-Ақадыр учаскесінде күндіз болған. Машинист жүк пойыздының алдына жүгіріп шыққан баланы көріп, шұғыл тежегішті басқан. Бірақ соққының алдын ала алмады. Жақын маңда тұратын тұрғындар теміржол торабына қоршау орнату мәселесін бұрыннан көтерген. Алайда жергілікті әкімдік бұған құлақ аспағанын айтады. Енді осы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
МҰРАТ ТІЛЕУЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Көшеміз темір жолдан 5 шақырым жерде орналасқан. Балаға бас көз бола алмайсың…
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.