Қызылордада 200-ден астам адам қаржы пирамидасына алданып қалды

Қызылордада тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді. «HRT» ұйымының өкілдері жұртшылықты инвестициялық жоба ретінде ұсынылған жүйені жарнамалауға шақырған. Сондай-ақ электросамокаттарды сатып алып, оларды Еуропа елдерінде жалға беру арқылы пайда табуға болады деп сендірген. Жобаға қатысу үшін тұрғындардан криптовалюта аудару талап етілген. 200-ден астам азамат жобаға 35 мың АҚШ долларына дейін салып, ай сайын 600 мың теңгедей сыйақы алып отырамыз деп үміттенген. Заңсыз алынған кірістің жалпы сомасы 33 миллион теңгеден асады.
РАЙЫМБЕК ПЕРНЕБЕКҰЛЫ, ТЕРГЕУШІ:
— Қылмыстық жолмен тапқан ақша қаражатына «BMW 530I Xdrive» және «Changan Alsvin» сатып алғаны анықталып, тергеу соттың санкциясымен тыйым салынды. «HRT» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
———————————————