Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысында жарыссөздер басталды. Бүгінгі процесте маңызды айғақ зат жоғалып кеткені белгілі болды. Тергеу изоляторында қамауда отырған Нұрқияс Ілияс пен Абзал Шынасылдың әңгімесі жасырын камерамен түсіріліп, ондағы диалог жазып алынған болатын. Жәбірленушілердің қорғаушылары бейнежазбаны қосуды өтінгенде диск айғақ заттардың арасынан табылмады. Сондай-ақ прокурор куәгер болған қыздарға құқықтық баға беру үшін тергеуді қайта жүргізуді сұрады. Жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың әрқайсысына қандай жаза сұрап отырғанын оқып берді. Прокурор оларды 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыруды талап етті.
ДАНА СӘРСЕНБАЙ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:
— Қылмыстық Кодекстің 24-бабы, 3-бөлігі, 99-бабы, 2-бөлігі, 1,7,9-тармақтарымен кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, Қылмыстық Кодекстің 58-бабы, 4-тармағына сәйкес жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті Шынасылға 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.