Жамбыл облысында қайтыс болған тұрғынға бір жарым жыл бойы зейнетақы аударылып келген. Осы уақытта марқұмның шотына заңсыз түрде 1 миллион 600 мың теңге түскен.
Анықталғандай, ер адамның өмірден озғанын туыстары уақытылы хабарламаған болып шықты. Осыдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақы төлеуді тоқтатып, марқұмның ұлынан әлгі қаражатты қайтаруды талап еткен. Туысына қатысты сотқа талап-арыз берілген. Тергеу барысында марқұмның шотынан 235 мың теңге шешіліп үлгергені белгілі болған. Сот процесінде тараптарға татуласу рәсіміне қатысу ұсынылып, іс медиация арқылы шешімін тапты.
АЛИНА РАЙЫМБАЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Сотпен бекітілген келісімге сәйкес, жауапкер шығынды өтеуге міндеттелді. Ал талап қоюшы өз кезегінде талаптар бас тартты. Келісім сотпен бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Ұйғарым заңды күшіне енді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.