Алматыдағы жеке тұрғын үйде жарылыс болды

Алматыдағы Шапағат шағын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Қайғылы оқиға бүгін түскі уақытта тіркелді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, газ-ауа қоспасы жарылып, 1980 жылы салынған балшықтан жасалған үй қираған. Іргелес ғимараттарға да зақым келген. Жазатайым оқиға болған жерден 1949 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайын тергеу тобы анықтап жатыр.
———————————————