Атырау облысы Құлсары қаласындағы жойқын жарылыстан зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір олар дәрігер бақылауында. Ал жарылыстан қаза тапқан екі адамның ет-жақындарына, әкімдік көмек көрсетеді. 30 мамыр күні газ құю бекетінде жарылыс болып, 14 адам зардап шеккен. Екеуі оқиға орнында қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ-ауа қоспасы себеп болған. Салдарынан жанармай құю бекеті мен 3 нысан отқа оранды. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
АСУЛАН АБДРАХМАНОВ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Төрт науқас амбулаториялық емге қарауға жіберілді.10 науқасты стационарлық емге жатқызып, ем-домын тағайындап бақылау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда бес науқас стационарлық емге жатқызылып, үш науқасты облыстан келген мамандармен бірлесе отырып, тасымалдау жүзеге асты. Қазіргі таңда ем-домдарын қабылдап жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.