Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 530 пайдалы қазба кеніші мемлекеттік балансқа қойылды. Индустрия және құрылыс министрлігінің ақпараты бойынша, былтыр шығыс өңірінде мемлекеттік реестрге 6 жаңа нысан енгізілген. Онда рудалы пайдалы қазбалар табылған.
Атап айтқанда, асыл металдың 73, түсті металдың 44, қара металдың 6 және литий сынды сирек металдың 19 кен орны нақты есепке алынған. Профессор Марина Мизернаяның айтуынша, өңірде литий қоры айтарлықтай мол. Ғалым- оны бұрынғы байыту фабрикаларынан қалған қалдық қоймалардан алуды ұсынады. Бұл кәсіпорындарда кезінде қорғасын, мырыш және мыс, кейін ниобий де өндірілген. Ал құрамында литий бар кен қалдықтары жер үстіне үйілген.
МАРИНА МИЗЕРНАЯ, ҚР ГЕОЛОГО-МИНЕРАЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
— Біз қазір сирек металдарды өндіру кезінде пайда болған техногендік қалдықтарға баға берумен айналысып жатырмыз. Қолда бар қорды қайта бағалап, геологиялық-минералогиялық картасын жасап көреміз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.