Кенші Құрмет Базаров: Өміріңді қауіп-қатерге тігесің

Адал еңбек – адам көркі. Сәтбаевте ғұмырын кен қазуға арнап, маңдай тер, абыроймен еңбек етіп жүргендер аз емес. Соның бірі – шахтер Құрмет Базаров. Жастайынан жер астында жұмыс істеген. 30 жылдық еңбек өтілі бар ел ағасы қауіпті әрі жауапкершілігі мол кәсібін ұнатады. 800 метр тереңдіке күн сайын түсіп, суды айдаумен айналысады. Ауыр мамандықты еңсерген кенші музыкадан да кенде емес. Түрлі этникалық аспапта ойнап, көпшілікті өнерімен тәнті етіп жүр. Бүгінде ел ағасы кәсібі мен сүйікті ісін бірге алып жүр. Адал еңбектің зейнеті берекелі болатынын айтады ол.
ҚҰРМЕТ БАЗАРОВ, КЕНШІ:
— Жер астына түскен кезде өміріңді қауіп-қатерге тігесің. Күйзеліске де ұшырайтын кездер болады. Бірақ музыканың арқасында шаршағанын еш білінбейді. Арфада ойнаймын. Бұл менің мамандығыма деген адалдығымды,сүйіспеншілігімді тек еселейді.
———————————————