Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ПОЙЫЗ БАСЫП КЕТТІ
Қарағандыда екі жасар баланы пойыз басып кетті. Бүлдіршін жансақтау бөлімінде. Тұрғындар бұл маңға бұрыннан қоршау қою керектігін айтқан. Алайда жергілікті билік құлақ аспаған.
ОҢАЙ АҚША ЖОҚ
Қызылордада 200-ден астам адам қаржы пирамидасына алданып қалды. Олардың кейбірі жобаға 35 мың доллар құйған. Сөйтіп ай сайын 600 мың теңге сыйақы алып отырмақ болған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ЖАРЫЛЫС САЛДАРЫ
Атырау облысы Құлсары қаласындағы жойқын жарылыстан зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал жарылыстан көз жұмған екі адамның етжақындарына әкімдік көмек көрсетеді.
ҚЫЗҒАЛДАҚ ОҚИҒАСЫ
Қызғалдақты жұлу оқиғасы. Ақтөбеде арнайы құрылған комиссия бұл гүлдердің нақты қызыл кітапқа енгендігіне көз жеткізбек. Енді көшпелі сот отырысы сол жақта болады.
КӨҢІЛДІ КЕНШІ
Сәтбаев тұрғыны 30 жылдан бері кенші болып жұмыс істейді. Мехнаты мол мамандықты ол сүйіп таңдаған. Күн сайын жер астына түсерде әсерлі әуен тыңдап, көңіл күйін көтеріп алады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.