Шерзат Полат өлімі бойынша Талдықорған қаласындағы сот отырысы аяқталуға жақын. Бүгінгі процесте айыпталушылардың адвокаттары мен туыстары жарыссөзге қатысып, өз ойларын білдірді. Айыпталушылар да соңғы сөздерін айтты. Барлығы Шерзаттың өліміне қатты қайғыратындарын жеткізіп, туыстары мен барша қазақ елінен кешірім сұрады.
Айта кетейік, екі айға созылған сот отырысына 5 маусымда нүкте қойылуы мүмкін. Дәл осы күні сот үкім шығарады деп белгіленген.
АБЗАЛ ШЫНАСЫЛ, СОТТАЛУШЫ:
— Мен жазадан қорықпаймын. Маған тиісті жаза беруіңізді сұраймын. Әділ шешім қабылдауыңызды сұраймын. ҚР ҚК 106-бабымен жаза тағайындауды сұраймын. Ешқандай да қылмыстық топ емеспіз. Ол жаққа ешқандай да дайындалып барған жоқпыз. Менде ондай болады деп ойлаған жоқпын. Шерзат Полатты өлтірген мен емес, тағы да айтам.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.