Қызылордада өндірістегі жазатайым оқиғадан жұмысшы көз жұмды

Қызылордада өндірістегі жазатайым оқиғадан жұмысшы көз жұмды. Жылу электр орталығы қуаттылығы 220 кВт ашық тарату құрылғысын кеңейту жұмыстарын жүргізген. Трансформатор бөлшектерін манипулятормен жылжытып, жерге түсіру барысында сыртқы металл қорабы адам үстіне құлап кеткен. Қазір абайсызда кісі өліміне әкеп соғу және еңбек қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеп-тексеру басталды. Ал, бірнеше күн бұрын Шиелі ауданында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу кезінде тағы бір жұмысшы электр тоғына түсіп, қайтыс болды. Жыл басынан бері өндіріс және құрылыс нысандарында 29 жазатайым оқиға болған.
ДОСХАН БЕКТҰРСЫНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
— Қазіргі таңда еңбек кодексі талаптарына сәйкес қандай да бір еңбек қатынастары бар-жоқтығы жөнінде құқық қорғау органдарына сұрау салу хатын жолдадық. Барлық жұмыс берушіге қызметкерлері жазатайым оқиғадан сақтау шартын жасау бойынша жұмыстар жасалуда.
———————————————