Әлеуметтік көмек скоринг әдісі арқылы бөлінеді

Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың жағдайы скоринг жүйесімен бағаланады. Бұл қаражатты шын мұқтаж жандарға бөлуге мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы Президентке Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі таныстырды. Светлана Жақыпованың айтуынша, саланы цифрландыру жалғасады. Министр еңбек қатынастары саласындағы ахуалды да баяндады. Мәселен, өндірісте жарақат алу биыл 17% төмендеген. Өлімге әкеп соқтырған жазатайым оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5% аз. Жыл басынан бері екі қолға бір күрек таппай жүрген 143 мың адам жұмысқа орналастырылды. 232 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
———————————————