Түркияда 5,8 балдық жер сілкінісі болды

Түркия түнде дүр сілкінді. Елде 5,8 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі Муғла қаласының Мармарис ауданынан 10 шақырым жерде тіркелді. Зілзала 5 қалада — Айдын, Денизли, Маниса және Измирде сезілген. Апаттан 14 жасар бір қыз бала қайтыс болып, 69 адам жарақат алды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары осындай хабар таратты.
———————————————